ІІМ журналистерге жасалған шабуылдардың егжей-тегжейін ашты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы қазақстандық журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы қазақстандық журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі ұсталғаны белгілі болды. Ол шетел азаматы, білікті хакер болып шықты.

"Жалпы, бұл топ В.Борейко, Г.Бажкенова, Г.Ерғалиева, С.Ибраеваға және басқа да БАҚ өкілдеріне қарсы 30-дан аса арандатушылық шабуыл жасаған. Бұл - көліктерді өртеу, журналистерге, олардың туыстарына және редакцияға қоқан-лоқы және шабуыл жасау, пәтер тонау, DDoss шабуылдар. Қылмыстық топтың мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің және оның жүргізіп жатқан демократиялық реформаларының беделін түсіру үшін БАҚ өкілдері қудаланып жатқандай етіп көрсету болды", - деді ІІМ өкілі.

Ресми мәлімет бойынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-парақшасында былтыр жыл аяғынан бері Қазақстанда журналистерге шабуылдар саны артқанын хабарлады.

"Осыған байланысты Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына журналистерге қатысты бірқатар қылмысты жан-жақты тексеруді тапсырды. Соның нәтижесінде журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттерге барған 18 адам ұсталғанын білесіздер. Ел Президенті бұл заңсыз әрекеттерге кінәлілерді ғана емес, тапсырыс берушілерді де анықтау керек екенін атап өтті", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro