21 қыркүйек 2022 09:27

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев© Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев©

Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, балалар жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында республика бойынша "Назар аударыңыз, балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген.

Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатқан жұмыстарына қарамастан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында жол-көлік оқиғаларында 6-сынып оқушысы қаза болып, тағы үш жасөспірім зардап шеккен. Бұл өз кезегінде жол жүрісіне қатысушылардың тәртібінің төмендігін көрсетеді. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жол жүрісін қадағалауды, сондай-ақ жылдамдық режимін бұзу, бағдаршамның қызыл сигналына өту, қарсы жолаққа шығу, жаяу жүргіншілерге артықшылық бермеу сияқты өрескел заңбұзушылықтардың жолын кесуді күшейтті.

Сондай-ақ, жолда жолаушылар көлігін, жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді тексеру күшейтілген. Полиция жасақтарының бағыттары қарбалас уақытта оқу орындарына барынша жақындатылған. Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі Оқу-ағарту министрлігіне мектеп бағдарламаларында жол жүрісі қағидалары бойынша сабақты жеке бөлек пән ретінде өткізу туралы ұсыныс жолдады. ІІМ жол жүрісіне қатысушыларға жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын ұмытпауды, ең бастысы – олардың салдары өте қайғылы екенін есте сақтауға шақырады.

"Жолда жол жүрісіне қатысушы өзінің және өзгенің қауіпсіздігі үшін жауап беретінін есте ұстаған жөн. Жаяу жүргіншінің дұрыс емес жерде жолды абайсыз өтуі қайғылы жағдайға айналуы мүмкін. Ата-аналардан балаларды бақылап отыруды сұраймыз. Балаларды мектепке шығарып салып, қарсы алуды ұмытпаңыздар. Жылдамдық режимін, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау өте маңызды, бұл жолдағы күтпеген жағдайда апаттың алдын алуға көмектеседі", – деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети