ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады Фото: polisia.kz

ІІМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап

ІІМ мәліметінше, ауа райының суытуы техногендік өрттердің көбеюіне әкелуі мүмкін.

"Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға және электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз. Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қауіпті екенін еске саламыз", – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

ІІМ еліміздің барлық тұрғындарына үйде оқыс жағдайларды болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

  • мұржаларды уақтылы тазалап, пештерді жөндеу қажет;
  • ақауы бар жылыту құрылғылары мен газ жабдықтарын пайдаланбаңыздар;
  • балаларды ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдырмаңыздар. Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар.

"Барлық оқиғалар туралы 101 немесе 102 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз", – деді Ақтоты Боранова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети