ІІМ көліктің күндіз жағылған жарық шамы жол апатынан қалай сақтайтынын көрсетті

02 Сәуір 2018, 13:35
0
ІІМ көліктің күндіз жағылған жарық шамы жол апатынан қалай сақтайтынын көрсетті - © gx.net.ua
© gx.net.ua

ҚР Ішкі істер министрлігі көліктің күндіз жағылған жақын жарық шамының қаншалықты маңызы бар екені жайлы видеоролик ұсынды. Видео ведомствоның Facebook.com желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. 

"Күндіз жағылған жақын жарық шамы Сізді кез келген оқыс жағдайдан сақтайды!!!", - делінген видеоның сипаттамасында. 

Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысы туралы" заңына сәйкес күн мезгіліне қарамастан, барлық көлік жақын қашықтық шамын жағып жүруі немесе жүріс жарығы шамымен жүруі тиіс. Күндіз не түнгі уақытта көліктің жақын қашықтық шамын жағып жүруі немесе жүріс жарығы шамымен жүрмеген жағдайда айыппұл салынады. Алайда ҚР Ішкі істер министрлігі осы жарық шамының қаншалықты маңызы барын видео арқылы көрсетті.

 

2015 жылдары осы заңға Қазақстанда елді мекендерде көлік жарығын жақпай жүруге рұқсат беру ұсынылған еді.

Депутат Төлеген Ибраев бұл норманы өзгертіп, көліктерге шамды күндізгі уақытта тек халықаралық автожолдарда міндетті түрде жағып жүруді қалдыру керектігін айтты.

"Ауылдық жерлерде шам жағып жүру бізге пайда әкелмейді, қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. (...) Қазақстанда жүрген автокөліктердің сипаттамасына сай электр құрылғыларын қыздырып алу өте қауіпті. Мен жүргізушілермен сөйлестім, олар бұл норманы қолдап қана қоймайды, сонымен қатар, мұның өте қажет екендігін айтады", - деді депутат.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай