ІІМ мен ҰҚК қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан қылмыстық желіні әшкереледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ мен ҰҚК қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан қылмыстық желіні әшкереледі Фото:depositphotos.com

ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ҰҚК-мен бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернетте заңсыз сатқан қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ҰҚК-мен бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернетте заңсыз сатқан қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ақпараттар мемлекеттік базалардан заңсыз алынған және Telegram арқылы таратылған, оның ішінде кейбір коллекторлық компанияларға берілген. 140-тан астам адам, оның ішінде компания иелері мен арна әкімшілері ұсталды. Қазіргі таңда бес күдікті қамауға алынды. Тінту барысында 400-ден астам компьютерлік және басқа да электрондық техника тәркіленді", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Қылмыстық кодекстің 205-бабы 3-бөлігі (ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу), 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу), сондай-ақ 211-бабы 3-бөлігі (шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

"Осы заңсыз әрекетке қатысы бар адамдардың толық шеңбері анықталып жатыр", - деді Жандос Сүйінбай.

Ішкі істер министрлігі азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін бұзатын құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу және жеке деректердің таралуына жол бермеу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети