24 ақпан 2023 | 09:42

ІІМ өкілі конструктор-көліктерді заңдастыру туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ІІМ шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, елге қосалқы бөлшектері ретінде әкелінген автоконструкторлар кедендік тазарту мен қауіпсіздік тексерулерінен өтпеген.

"Заңдастыру процесінде елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автомобильдер анықталды. Бұл көліктер кедендік тазартудан және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы тексеруден өтпеген. Осы автокөліктерді сатып алған азаматтарымыздың жағдайын назарға ала отырып, қазір мемлекеттік органдар оларды Қазақстанда бастапқы тіркеуге алу тетіктерін әзірлеп жатыр. Мұндай автомобильдерді заңдастыру туралы шешім қабылданды", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

Оның айтуынша, биыл 23 қаңтардан 22 ақпанға дейін 40 мыңнан аса көлік заңдастырылған. Тағы 85 мыңнан аса автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірлік агрегаттарды салыстырып және одан әрі тіркеу үшін жіберілген. Яғни, бір айда 125 мыңнан аса автокөлік заңдастырылды.

Сондай-ақ, Қайсар Сұлтанбаев көлікті басқа елдегі тіркеуден шығару туралы да айтты. Басқа елдегі соңғы тіркеу орны бойынша шетелдік автокөлікті есептен шығару – бұл қажетті шара, өйткені соңғы есепке алу орны бойынша автомобильдерге оны иеліктен шығаруға тыйым салынуы және шектеулер қойылуы мүмкін, деді ол.

"Бұл ретте әрбір мемлекетте автомобильдерді есептен шығару тәртібі өздерінің ұлттық заңнамасымен реттелген. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ІІМ Ресей Федерациясының, Қырғызстанның және Арменияның құзыретті органдарына біздің азаматтардың тіркеу еліне баруын және көлік құралын ұсынуды қажет етпестен Қазақстан ІІМ-нің сұрауы бойынша автомобильдерді есептен шығару мүмкіндігін қарастыру туралы тиісті хаттар жолдады. Алайда Қырғызстан мен Арменияның ресми органдары автокөліктерді қашықтықтан есептен шығару мүмкін емес екені туралы жауап берді. Біз бұл талаптарды бұза алмаймыз", - деді ол.

Сонымен қатар, Қайсар Сұлтанбаев көлікті бір сақтандыру полисі негізінде заңдастыруға болатынын түсіндіріп, көліктерді заңдастыру үшін әкелу мерзімін ұзарту туралы айтты.

"Автокөліктерді сақтандыру полистері бойынша тіркеуге жол берілмейді, өйткені жылжымайтын мүлікті меншікке сатып алу мәселелері Азаматтық кодекспен реттеледі. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 235-бабына сәйкес меншік иесі бар мүлікке меншік құқығын басқа тұлға сатып алу, айырбастау, сыйға тарту келісімшарты немесе осы мүлікті иеліктен шығару туралы құжаттардың негізінде иемдене алады. Шетелдік автомобильдерді әкелу үшін көзделген мерзімді ұзартуды тиімсіз деп санаймыз, өйткені бұл шаралар елге шетелдік автомобильдерді бақылаусыз әкелудің жаңа толқынына әкеп соғады. Азаматтарға заңдастыру бір реттік сипатта ғана болатыны ескертіледі", - деді Сұлтанбаев.

Еске салайық, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети