16 қаңтар 2017 14:25

ІІМ өкілі саяжайда тұрып жатқандарды тіркеу тәртібі туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов Алматыда тіркелген, бірақ саяжайда тұрып жатқан ер адмаға саяжайға уақытша тіркелуге кеңес берді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz сайтындағы онлайн-конференция барысында айтты. 


ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов Алматыда тіркелген, бірақ саяжайда тұрып жатқан ер адмаға саяжайға уақытша тіркелуге кеңес берді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz сайтындағы онлайн-конференция барысында айтты. 

"Алматыда үй бар, сонда тіркеудеміз, бірақ қала аумағындағы саябақта тұрып жатырмыз. Әйелім және өзім уақытша тіркеуге тұруымыз керек пе? Оның үстіне саяжай да менің меншігімде, мекенжай анықтамасы бар. Әлде осы анықтама негізінде иесі автоматты түрде тұрақты тіркеуде бола ма? Әлде маған саяжайға тұрақты тіркеуге отырып, үйге уақытша тіркелу керек пе? Енді бір сұрақ мен бірден 4 жерде 9 күннен тұрсам, маған еш жерде тіркеліп қажет емес пе?," - деп сұрады ер адам. 

"Сізге саяжайда уақытша тіркелу керек. Ал тұрақты тіркеуіңіз сақталады. Айта кетейін, баспана иесі болсаңыз да, сіз ол жерде автоматты түрде тіркеуде тұрсыз дегенді білдірмейді. Тұрғылықты жер немесе уақытша тұратын жер бойынша тіркелу мүлде басқа процедуралар. 10 күн бойы тіркеусіз уақытша түру заңды бұзуға жатпайды", - деп жауап берді Сайынов. 

Сонымен бірге, "Адам бір пәтерінде 3 күн, ал екіншісі баспанасында 4 күн тұрып келсе уақытша тұрып жатқандығын дәледеу керек пе?" деген сұрақ та қойылды. "Учаскелік полицейге ештеңе дәлелдеп керегі жоқ, заңбұзушылық болып жатса полицей оны өзі анықтап, тіркеуге алады", - деді ол. Сайынов бір орында бір айдан аса уақыт тұрса ғана уақытша тіркелуі керек болатынын айтты. Ал тұрақты жердегі тіркеу сақталып қалады екен. 

Сонымен қоса, Сайынов уақытша тіркеу мәселесі бойынша "жақын туыстар" түсінігіне не жататынына да тоқталды. "Бүгінде бір мекенжай бойынша тұлғаларды тіркеуге алу бойынша шектеу жоқ. Бұл бойынша нормалар Үкімет Көші-қон процестерін реттеудің типтік ережелерін бекіткеннен кейін жергілікті атқару органдары қабылданады. Жақын туыстарды тұрғылықта орын бойынша тіркеуге алу (ата-ана, балалар, асыранды балалар, туған және туысқан аға-іні мен апа-қарындастар, ата, әже мен немерелер), сондай-ақ үй иесінің отбасы мүшелерін тіркеуге алу баспана көлеміне тәуелді емес. Сонымен қатар, пәтер иесі онда тіркелген тұлғаларға тұруға бөгет жасамайды", - деді ол. 

ІІМ өкілі үйдің пайдалануға берілмеген жағдайдағы тіркеуге тұру туралы сұраққа да жауап берді. "Үй пайдалануға берілмеген болса, тұрғылықты орны бойынша тіркеуге ала аламыз. Сонымен қатар осы мәселені шешу механизмі қарастырылып жатыр", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети