Полиция Талғарда зорлау дерегі бойынша күдіктінің уақытша ұстау изоляторынан қашып кетуіне байланысты қызметкерлерге қатысты немқұрайлылық бабы бойынша іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция Талғарда зорлау дерегі бойынша күдіктінің уақытша ұстау изоляторынан қашып кетуіне байланысты қызметкерлерге қатысты немқұрайлылық бабы бойынша іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, олар қашып кеткен ер адамды әлі іздестіріп жатыр.
"Айналысып жатырмыз, іздейміз, ұстаймыз. Іздеу - бұл оңай емес. Барлық шара қабылданып жатыр. Біз қызметтік тергеу жүргіземіз. Бәрі жазаланады. Іс немқұрайлылық дерегі бойынша қозғалды. Біз кінәлілерді жауапқа тартамыз", - деді ол мәжіліс кулуарында.
Еске салайық, дүйсенбіде Талғар аудандық Полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторынан ер адам қашып кеткен. Айналасы биік қоршау және тікенек сыммен қоршалған ғимарат Талғар орталығына жақын орналасқан. Күдіктінің жоқтығы сағат 17.00-де байқалған.
Барлық полиция қызметкерлері тартылғаны айтылды. Со күні түнде қаладан шығатын жолдарда бақылау-өткізу бекеттері қойылған. Қашқынның үйі бақылауға алынған. Қашудың мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды. Жағдай облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарды аралап, бейнебақылау камераларын қарап, адамдардан сұрастырып жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ.
Қашқынның бойы 180 сантиметрдей. Денелі, шашы қара, қысқа. Ер адам қара киім мен аяқкиім киген. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін ғана емес, қашып кеткені үшін де жауап беруге мәжбүр болады.
"Егер іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, келесі телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!