ІІМ өкілдері Ақтөбедегі атыстардың толық мән-жайын хабарлады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ақтөбеде шабуылдаушылар әскери бөлімге шабуылдау үшін автобусты басып алған. ІІМ өкілдері антитеррорлық операция барысында ұсталғандар жайлы мәліметтерді жария етті, сонымен қатар оның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде шабуылдаушылар әскери бөлімге шабуылдау үшін автобусты басып алған. ІІМ өкілдері антитеррорлық операция барысында ұсталғандар жайлы мәліметтерді жария етті, сонымен қатар оның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Расталған мәліметтер бойынша, қылмыскерлер "Паллада" қару-жарақ дүкеніне қарулы шабуыл жасаған, бұл жерде олар сатушыны және күзет агенттігінің қызметкерін өлтірген, сонымен қатар оқиға орнына келген үш патрульдік полицейді атып, жаралаған. "Пантера" дүкеніне шабуылдау кезінде қылмыскерлер бір келушіні өлтірген, ал тағы біреуі жарақат алған. Оқиға орнына келген полиция жасағымен атыс кезінде шабуылдағандардың үшеуі өлтірілді, біреуі ұсталды", - деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев телефон арқылы.

"Қылмыскерлер әскери бөлімге шабуылдау үшін автобусты басып алған. Жүргізушісі мен жолаушыларын түсіріп, кейін қақпаны соғып, территорияға кіріп, атыс шығарған, үш әскериді өлтіріп, алты әскериді жарақаттаған. Кезекші қарауыл бөлім территориясына кірмек болғандарды тоқтатты. Ал кейін оқиға орнына келген полиция жасағымен бірге бір қылмыскердің көзін жойған, тағы біреуі жарақат алып, ұсталды. Антитеррорлық операцияны жүргізу барысында жалпы 4 қылмыскердің көзі жойылды, жетеуі ұсталды, олардың екеуі жарақат алған", - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қалған қылмыскерлерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, бүгін Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Ал әскери бөлімде шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer