ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қазан 2018 | 12:33
ІІМ өкілдері Алматының әлемнің криминалды елдер тізіміне енуіне қатысты пікір білдірді
Әлем қалаларындағы қылмыс деңгейін анықтаумен айналысатын Numbeo сервисінің "Криминалды рейтингінде" Алматы 216-орынға тұрақтады. Осы ретте ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері неліктен Алматының бұл тізімге ілінгенін айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Numbeo cервисі 2018 жылғы рейтингті жариялады. Онда қазақстандық қалалардың ішінен тек Алматы бар. Мұнда қылмыс индексі - 50, 06 пайыз, ал қауіпсіздік индесі 49,94 болып тіркелген.
ІІМ өкілдерінің айтуынша, Numbeo ресми емес мәліметтер базасы болып саналады.
"Сервистегі мәліметтер ағылшын тілді сайтқа соңғы 3 жылда кірген қолданушылардың субъектив пікірі бойынша жасалады. Ал ресми мәліметтерге сүйенсек, яғни ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіндегілердің мәліметінше, соңғы жылдары елімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар азайған. Алматыдағы қылмыс деңгейі де азайыған. Осы жылдың 8 айында Алматыдағы қылмыс 8,7 пайызға азайған, олардың ішінде аса ауыр қылмыстар (-13,4 пайызға) және аса ауыр емес қылмыс (-13,6 пайызға)", - делінген ІІМ өкілдерінің Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында.
Сондай-ақ, ведомство өкілдері қазіргі уақытта Алматыда еліміздегі барлық қылмыстық құқық бұзушылықтың 20 пайызы тіркелгенін айтып өтті.
Показать комментарии
Читайте также