ІІМ өкілдері Алматының әлемнің криминалды елдер тізіміне енуіне қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Әлем қалаларындағы қылмыс деңгейін анықтаумен айналысатын Numbeo сервисінің "Криминалды рейтингінде" Алматы 216-орынға тұрақтады. Осы ретте ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері неліктен Алматының бұл тізімге ілінгенін айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әлем қалаларындағы қылмыс деңгейін анықтаумен айналысатын Numbeo сервисінің "Криминалды рейтингінде" Алматы 216-орынға тұрақтады. Осы ретте ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері неліктен Алматының бұл тізімге ілінгенін айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Numbeo cервисі 2018 жылғы рейтингті жариялады. Онда қазақстандық қалалардың ішінен тек Алматы бар. Мұнда қылмыс индексі - 50, 06 пайыз, ал қауіпсіздік индесі 49,94 болып тіркелген.

ІІМ өкілдерінің айтуынша, Numbeo ресми емес мәліметтер базасы болып саналады.

"Сервистегі мәліметтер ағылшын тілді сайтқа соңғы 3 жылда кірген қолданушылардың субъектив пікірі бойынша жасалады. Ал ресми мәліметтерге сүйенсек, яғни ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіндегілердің мәліметінше, соңғы жылдары елімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар азайған. Алматыдағы қылмыс деңгейі де азайыған. Осы жылдың 8 айында Алматыдағы қылмыс 8,7 пайызға азайған, олардың ішінде аса ауыр қылмыстар (-13,4 пайызға) және аса ауыр емес қылмыс (-13,6 пайызға)", -  делінген ІІМ өкілдерінің Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері қазіргі уақытта Алматыда еліміздегі барлық қылмыстық құқық бұзушылықтың 20 пайызы тіркелгенін айтып өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer