30 мамыр 2016 | 14:46

ІІМ өкілдері химиялық кастрациялау туралы шешімдердің қалай қабылданып отыратынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vashipitomcy.ru © vashipitomcy.ru

ІІМ өкілдері химиялық кастрациялау туралы шешімдердің қалай қабылданатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ІІМ өкілдері химиялық кастрациялау туралы шешімдердің қалай қабылданатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен жыл бойында бұл тақырып талқыланып, барлық деңгейде таралды. Тіпті осында, ОКҚ-да кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын сексуалдық мәндегі зорлықтың алдын алу мәселесі бойынша отырыс өтті. Халықаралық тәжірибе пайдаланылды, түрлі деңгейде жиналыстар өтті, олардың барысында бірқатар заңнама шаралары жасалды, солар заңға кіріктірілді", - деді ІІД әкімшілік ювеналды полиция комитеті бөлімінің басшысы Әсет Оспанов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында.

Ол химиялық кастрациялаудың қалай жүзеге асыралатынын егжей-тегжейлі түсіндірді.

"Ол былайша жүзеге асырылады: қылмыстық істе тергеу барысында сондай тұлғаларға қатысты сот-психиатрлық сараптамалар тағайындалады, бұл арқылы оның кәмелетке толмағандарға қатысты ауытқушылығының бар-жоғы анықталады. Қорытындыда оның ауытқушылығы бар болса, сот оған химиялық кастрацияны қолдану туралы шешім шығарады", - деді Оспанов.

Ол химиялық кастрациялаудың жыныс құмарлығын төмендететін препараттарды енгізу екенін түсіндірді. Бұл заң жобасын мемлекеттік органдармен талқылауымыздың барысында депутаттар бұл норманы қолдады. Бұл норма елімізде 2018 жылдан бастап жүзеге асырылады бастайды екен. 

Оспанов осы тектес қылмыс жасаған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан шығару бойынша қосымша шаралардың қолданылатынын айтып өтті. 

Оспановтың айтуынша, сараптама қорытындысы бойынша, сексуалдық мәндегі зорлықтардың көбінде мас күйде жасалатынын айтты.  

"Осыған байланысты Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 54-бабы мұндай тұлғаларға алкогольді сусындар, есірткі заттары мен психотроптық заттарды қолдануға тыйым салу нормасымен толықты. Сонымен қатар, бізде білім беру мекемесінде кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған және кәмелетке толмағандардың өзі жасаған заңға қайшы әрекеттерінің хабарланбауы деректері бар. Осыған байланысты білім беру мекемелерінің жұмысшыларына жасырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", - деп қорытты сөзін ІІД әкімшілік ювеналды полиция комитеті бөлімінің басшысы Әсет Оспанов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети