ІІМ өкілдері WhatsApp арқылы таралып жатқан суреттерге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinew.kz тілшісі.
ІІМ өкілдері WhatsApp арқылы таралып жатқан суреттерге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinew.kz тілшісі.
"Біздегі мәліметтерге сүйенсек, шабуыл жасағандар - дәстүрлі емес діни ағымның радикалдары. Олардың барлығы еліміздің облыстары мен қалаларының тұрғыны. Таратылып жатқан суреттерге келсек, олардың ішінде, болжам бойынша, шабуылға қатысқандар да, ұйымдастырушылар да бар", - деді ҚР ІІМ өкілі Алмас Сәдубаев. Айта кетейік, бұл суреттерді қазақстандықтар WhatsApp арқылы таратып жатыр.
Полицияның мәліметінше, "Паллада" қару-жарақ дүкеніндегі видеобақылау камералары 26 қылмыскерді көрсетті. Ары қарай олар бірнеше топқа бөлініп, басқа нысандарға шабуыл жасады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, шабуылдағандардың 13-і өлтірілді, сегізі ұсталды және жетеуі іздеуде жүр.
"Өкінішке қарай, қару сататын дүкенге жасалған шабуыл кезінде 3 адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Қарулы қылмыскерлердің әрекетінің алдын алу кезінде ішкі істер органының 5 қызметкері жарақат алды. Ұлттық ұланның үш қызметкері қаза тауып, алтауы жарақат алды. Ақтөбедегі жағдай бақылауға алынды", - деді ҚР ІІМ өкілі.
Бұған дейін Ақтөбеде қылмыс жасаған күдіктілердің суреттері мен аты-жөндері жарияланған болатын.