ІІМ операциясы: медициналық ұйымдардан не табылды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Ел аумағында "Дәрмек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Ел аумағында "Дәрмек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Прекурсорлар мен медициналық препараттарды қолданатын 900-ден астам ұйым, оның ішінде 350 дәріхана, 85 қойма, 103 емдеу-профилактикалық мекемесі және 362 кәсіпорын тексерілді. Сақтау, өткізу және тасымалдау шарттарын бұзғаны үшін 248 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 116 медицина қызметкері бар. Есірткі құралдарымен жұмыс істеу саласында 8 қылмыстық іс қозғалды. 35 мың тонна прекурсор, 20 мың таблетка және құрамында психоактивті заттар бар 24 мың ампуланың айналымына шектеу қойылды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Мысалы, Жамбыл облысындағы ұйымдардың бірі прекурсорларды сақтау ережелерін бұзған. 34 мың тоннадан астам күкірт қышқылы тәркіленді. Әкімшілік материал жиналды. Ұйым қызметі тоқтатылды. Ақтөбе облысында медициналық ұйымды тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және есепке алу ережелерінің бұзылуы анықталды. Фармацевтке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"ІІМ есірткі мен прекурсорлардың заңды айналымы саласында белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді", - деді Қуандық Әлжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro