Ішкі істер министрлігі өкілдері полицейлер мен стриптиз билеген қыз түскен видеоның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігі өкілдері полицейлер мен стриптиз билеген қыз түскен видеоның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кадрлардан полиция қызметкерінің киімін киген ерлер мен әйелдер отырған мәжіліс залын көруге болады. Онда ашық киім киген бір қыз кіріп, стриптиз билейді. Зал шармен безендірілген, ал сахнада 23 саны көрінеді. Видеода Ресей құқық қорғау органдары қызметкерлерінің шевронын байқауға болады.
ІІМ өкілдері видеода көрсетілген оқиға Қазақстанда еместігін айтты.
"Кадрлардағы оқиға мемлекетіміздің аумағында болған жоқ. Біздің елге еш қатысы жоқ", - деді министрдің кеңесшісі, ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
БАҚ-тағы ақпарат бойынша, оқиға Бурятияда болған.