Шымкентте полиция бастығының ұсталуына қатысты ІІМ пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкентте полиция бастығының ұсталуына қатысты ІІМ пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Шымкент ҰҚКД қызметкерлері ПД ҚҚЕ бастығы (қаржылық қамтамасыз ету басқармасы) мен полицияның аға лейтенантын аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін ұстағаны туралы ақпарат пайда болды. Таратылған ақпаратта келтірілген шығын көлемі - шамамен 370 миллион теңге делінген.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратқанымен, бұл тұлғалардың шын мәнінде ұсталған-ұсталмағанын нақтыламады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.
"Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша қатаң шаралар қабылданады және кінәлілер заңға сәйкес жазаланады. ІІМ кез келген құқықбұзушылыққа төзбеушілік бойынша қағидатты ұстанымда", - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!