ІІМ порноиндустрия саласындағы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен құрамына Қазақстанның және жақын шет елдердің азаматтары кірген трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен құрамына Қазақстанның және жақын шет елдердің азаматтары кірген трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Модельдік агенттіктің атын жамылып, олар порнографиялық материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан. Мәселен, қылмыстық топтың мүшелері ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желі арқылы 2 миллион теңгеге дейін ай сайынғы төлемді уәде етіп, 18-ден 25 жасқа дейінгі қыздарды тартқан.

Қыздар аталған қызметтен бас тартқан жағдайда қылмыскерлер оларға психологиялық қысым көрсетіп, айыппұл салған. Топтың ішінде нақты рөлдері белгіленген ұйымдастырушылар, басшылар, азғырып көндірушілер, әкімшілер, IT-мамандар мен бухгалтерлер болған. Анықталғандай, қылмыстық топтың қаражат айналымы соңғы бес жылда 3 миллиард теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында қыздардың интимді видеоларын тәулік бойы көрсетуге арналған 79 кеңсе мен пәтер анықтады. Арнайы операция барысында аталған қалаларда бір уақытта 138 тінту жүргізіліп, 80-нен астам компьютерлік жабдық, шамамен бір килограмм есірткі құралы және 69 мыңнан астам АҚШ доллары тәркіленді.

"Полицияға барлығы 118 адам жеткізіліп, қылмыстық топтың 13 негізгі ұйымдастырушысы, оның ішінде үш шетел азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ІІМ тергеу департаменті трансұлттық қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қылмыстық топтың негізгі мүшелеріне мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады," - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro