25 ақпан 2020 | 11:45

ІІМ сарбаздың қаруды қалай ұрлағанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Шымкентте қашқан сарбаздың қаруды қалай ұрлағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Шымкентте қашқан сарбаздың қаруды қалай ұрлағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Расында да біраз уақыт бойы қарулар ұрланып келген. Жедел тергеу тобы ҰҚК мен ІІМ өкілдерімен бірігіп, қарумен қашқан сарбазды ұстады. Қарулар тәркіленді. Қаңтар айының соңынан ақпан айының ортасына дейін сарбаз қару сақталатын жерден ұрлап жүрген, 1-2 қарудан алып кетіп жүрген. Кейін бұл қылмысқа достарын тартқан. Қарулардың басым бөлігі 20 ақпанға қараған түні ұрланған", - деді Санжар Әділов.

Оның айтуынша, сарбаз 120 мың теңгеден екі тапаншаны сатып үлгерген. Ал қалған қаруды оның достары сақтаған дейді.

Еске салайық, мұның алдында Шымкентте қарумен қашқан сарбаз қызмет еткен дивизияның командирі ұсталғаны хабарланған болатын. "Үш лауазымды тұлға - дивизия командиры, жедел кезекші, қатардағы келісімшарттағы әскери қызметкер ұсталды. Олар әскери қызмет ережелерін бұзғаны үшін, немқұрайлық танытқаны үшін ұсталды", - деген елі ІІМ Тергеу департаментінің басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети