28 сәуір 2014 | 13:57

ІІМ шегеленген доңғалақтардың асфальтқа әсерін анықтай алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалмұханбет Қасымов. ©Pm.kz Қалмұханбет Қасымов. ©Pm.kz

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астана әкімдігінің автокөліктердің шегеленген доңғалақтарын қолдануға тыйым салу туралы ұсынысына қатысты түсінік беруге дайын емес. Бірақ ол бұл жаңалыққа наразы болған жүргізушілерге түсіністікпен қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астана әкімдігінің автокөліктердің шегеленген доңғалақтарын қолдануға тыйым салу туралы ұсынысына қатысты түсінік беруге дайын емес. Бірақ ол бұл жаңалыққа наразы болған жүргізушілерге түсіністікпен қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен бұған қатысты түсінік бере алмаймын. Біз шегеленген дөңгелектердің асфальтқа қалай әсер ететінін анықтай алмаймыз. Мұны техниктер айтуы керек. Бірақ Астана қаласының кез келген тұрғынын түсінуге болады. Ол, әрине, егер орталықтағы таза көшелермен жүрсе, оған ыңғайлы, ал қала сыртына шықса, ол 15-20 минут сайын резеңкесін алмастырып жүре алмайды, сондықтан бұл жерде, әрине, техникалық сипаттаманы негізге ала отырып шешім қабылдау керек", - деді Қасымов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Айта кетейік, жуырда Назарбаевтың қатысуымен өткен Астана қаласын одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Астана әкімі шегеленген дөңгелектерді қолданудың тиімсіздігін айтқан болатын. Тасмағамбетовтің пікірінше,  шегеленген доңғалақтар бір қыста асфальттың бір сантиметрін жеп қояды. Ол Еуропада автокөліктерге шегеленген резеңкелер пайдаланылмайтынын айтты.

"Біз көшелерді жақсы тазалаймыз, бізде қара асфальт, бәрі анық көрініп тұр, бізде шегеленген резеңкемен жүруге қажеттілік жоқ", - деген болатын Астана қаласының әкімі.

"Доңғалақ шегелерінің асфальт қабатын түсіретіні рас па?" - деп сұрады Назарбаев. Оған Тасмағамбетов "бұл дәлелденген нәрсе" деп жауап берді.

Tengrinews.kz бұған дейін Астанада автокөліктің шегеленген доңғалақтарының жол жабынына әсерін анықтау жөнінде ешқандай зерттеу жүргізілмегенін хабарлады. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети