ІІМ шетелде ЖСН беру туралы хабарландыруларға байланысты тексеруді бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ шетелде ЖСН беру туралы хабарландыруларға байланысты тексеруді бастады Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

ІІМ Қазақстаннан тыс жерде шетелдіктерге ЖСН беру туралы хабарландырулардан кейін тексеру жұмыстарын бастады. Бұл туралы "Ақ жол" партиясының депутаттық сауалына көші-қон қызметі комитетінің жауабында айтылған - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ Қазақстаннан тыс жерде шетелдіктерге ЖСН беру туралы хабарландырулардан кейін тексеру жұмыстарын бастады. Бұл туралы "Ақ жол" партиясының депутаттық сауалына көші-қон қызметі комитетінің жауабында айтылған - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін партия депутаттары Қазақстанда болмаған шетел азаматтарына ЖСН беру мәселесі бойынша ІІМ-ге сауал жолдаған болатын.

Жауапта ІІМ бұл факт бойынша тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.

"ІІМ әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде ЖСН алу мүмкіндігі туралы хабарландырулар мен түрлі қызметтерді анықтап отыр, негізінен Ресей азаматтарына қатысты. Осы факт бойынша жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамаға сәйкес тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген жауапта.

Бұған дейін ІІМ 2024 жылы шетелдіктерге 435 408 ЖСН берілгенін хабарлаған болатын (оның ішінде: Ресей – 233 013, Өзбекстан – 121 719, ҚХР – 25 654, Тәжікстан – 13 846, Қырғызстан – 9 308).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети