ІІМ шетелдегі қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ шетелдегі қазақстандықтарға үндеу жасады Фото:depositphotos.com

ІІМ шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Біздің мыңдаған азаматтарымыз шетелдерде оқуда немесе жұмыста. Олар өзара Telegram және WhatsApp-чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі. Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. Қаскөйлер осындай чаттарға қосылып, өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады. Бірақ ақшаны ауыстырғысы келетіндерді байланыстырмай, алаяқтар криптовалюта сатумен айналысатын адамдардың немесе дроптардың шоттарын жібереді. Түскен қаражатты алғаннан кейін олар хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді", - делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, осылай алдау жағдайлары Кореяда, Қытайда және АҚШ-та болған.

"Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз", – деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети