27 сәуір 2022 | 09:34

ІІМ Шымкент полициясы баспасөз хатшысының айыптауларына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/moldyr.bekeeva Фото: facebook.com/moldyr.bekeeva

Ішкі істер министрлігі Шымкент полиция департаментінің жаңа басшылығына тағылған айыптарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі Шымкент полиция департаментінің жаңа басшылығына тағылған айыптарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәуірдің басында Шымкент ПД-да үлкен дау болды: ведомство баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өз-өзіне қол салуға тырысты. Ол бұл әрекетінің себебін дау шықпай тұрып Facebook парақшасында жазған. 31 жастағы әйел басшылықтың түрлі заңбұзушылықтары оны мұндай қадамға итермелегенін айтады.

Бекеева Шымкент ПД жаңа басшысы Қайрат Дәлбеков Түркістан облысынан өзінің ескі командасын көшіргенін мәлімдеді. Tengrinews.kz ресми сауалына жауапта ІІМ өкілдері облыстық департаменттен қалалық департаментке барлығы сегіз полицей ауыстырылғанын түсіндірді.

"Дәлбеков тағайындалғаннан бері Шымкент қаласы ПД бөлімшелері басшылары лауазымына үш қызметкер келді. Тағы екі орынды орынбасарлары алды. Қалған үшеуі қатардағы полицей. Аталғандардың барлығы Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері болған, бұған дейін ОҚО полиция департаментінде жұмыс істеген. Шымкент ПД-ға олар бос лауазымдарға ауысты", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Бекеева полиция қызметкерлерін облыстан қалаға ауыстыру себебін ПД басшылығы "олардың Түркістанда жылжымайтын мүлкі жоқ, Шымкентте бар" деп түсіндіргенін атап өтті. Ол бұл қызметкерлерге төрт жыл бойы Түркістанда неге қызметтік тұрғын үй бөлінбегенін білмейді. ІІМ бұл жағын да түсіндіріп берді.

"2018 жылы орталығы Түркістан болып Түркістан облысы құрылды, Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды. Жаңа облыстық полиция департаментінің штаты бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының ПД қызметкерлерінің есебінен ұлғайтылды. Осының негізінде елімізде болып жатқан өзгерістердің маңыздылығын назарға ала отырып, 200-ден аса қызметкер Түркістанға қоныс аударуға шешім шығарды. Бірақ полицейлердің отбасы Шымкентте қалды.

Қызметкерлер 1,5 жыл бойы Түркістанда жалдамалы пәтерлерде тұрды. Тұрғын үй жетіспей, олардың көпшілігі Түркістаннан 30 шақырым жерде орналасқан Кентауда да тұруға мәжбүр болды. 2020 жылдың наурызында қала әкімдігі полицейлерге 42 қызметтік пәтер бөлді. Қалған қызметкерлерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы бөлінеді", - деді министрлік.

Сондай-ақ Мөлдір Бекеева Түркістан облысының полициясынан Шымкентке ауысқан Салтанат Қаракөзоваға бірқатар шағым айтты. Ол: "Қаракөзова Түркістанда мемлекеттік бағдарламамен баспана алды, бірақ неге жұмыс орнын өзгертті", - деп сұрайды. ІІМ бұған да түсініктеме тапты.

"Қаракөзова Түркістан облысы полиция департаментінің басқа қызметкерлерімен бірге 2020 жылы қызметтік баспана алды. Ол Шымкентке ауыстырғаннан кейін Түркістандағы пәтеріне басқа полиция қызметкерлері қоныстанды", - деп жауап берді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Бекеева Шымкент ПД ресми өкілі болып қала беретінін, алайда Қаракөзова әлеуметтік желілерде өзін осындай лауазымдағы қызметкер деп жариялағанын айтты. ІІМ олар әр түрлі қызметте екенін айтты. 

"Полиция полковнигі Салтанат Қаракөзова осы жылдың 23 ақпанында Шымкент қаласы ПД штабы бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. Оның ішкі істер органдарындағы (26 жылдан астам), оның ішінде БАҚ-пен өзара іс-қимыл және құқықтық салада еркін бағдарлау саласындағы көпжылдық тәжірибесін ескере отырып, ішкі бұйрықпен ол сыртқы және ішкі коммуникациялар басқармасының кураторы болып тағайындалды. Ол Шымкент полиция департаментінің ресми өкілі болып саналады.

Мөлдір Бекеева сыртқы және ішкі коммуникациялар басқармасының басшысы лауазымын атқаруды жалғастырады. Ол Шымкент полиция департаментінің баспасөз хатшысы. Бекеева бұл қызметті 2021 жылдың 30 сәуірінен бастап атқарып келеді", - деді ІІМ өкілі.

Сонымен қатар, Бекеева Шымкент ПД бухгалтерін жалақыны уақтылы алмағаны үшін айыптады. Ол бұл қызметкер Түркістан облысының ПД-нен ауыстырылғанын және жаңа басшылықтың тапсырмасы бойынша психологиялық қысым көрсетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда ІІМ бұл айыптауларды жоққа шығарды.

"Жалақыны есептейтін есепші - 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қызметкер. Түркістан облысында жұмыс істемеді. Бекееваның жалақысы туралы: бүгінгі таңда оған 31 наурызға дейін есептелген қаражат берілді. Керісінше, бұған дейін бухгалтердің қателігі бойынша Бекееваның шотына 8 наурызға дейін екі рет сыйақы аударылып қойды, ол бірақ ішінара қайтарудан бас тартты", - деп толықтырды департамент өкілдері.

Соңында Мөлдір Бекеева тағы бір бұзушылық дерегі туралы айтты. Оның сөзінше, бұған дейін Шымкент ПД баспасөз қызметінде қызметкерлер алу үшін іріктеу конкурс өткізілген. Ол бұл лауазымға Салтанат Қаракөзованың туысы қабылданғанын және кадрларды іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына баспасөз қызметінің жұмысынан алшақ бухгалтер енгізілгенін айтты. Министрлік бұл мәлімдемені негізсіз деп атады.

"Баспасөз қызметінің қызметкерін іріктеу жөніндегі арнайы комиссия құрылған жоқ. Заң бөліміне, қаржылық қамтамасыз ету басқармасына және ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасына қызметкерлерді қабылдау бойынша жалпы комиссия құрылды. Комиссия құрамына кадр саясаты басқармасының (комиссия төрағасы) және қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастықтары, сондай-ақ заң бөлімінің басшысы кіреді. Комиссия хатшысы - кадр саясаты басқармасының инспекторы.

Үміткерлер арасында өткен жалпы конкурсқа Түркістан облысы ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы Н.Әбдіхалық та қатысты. Ол Қаракөзованың туысы емес", - деді ІІМ.

Қорытындылай келе, Ішкі істер министрлігі Шымкенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мөлдір Бекееваның өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерін тергеумен айналысатынын еске салды. Аталған құқық қорғау органы Бекееваның Facebook-тегі парақшасында көрсетілген барлық сөзді тексереді.

Бұған дейін Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері Мөлдір Бекееваның өзін-өзі өлтіру әрекетінен кейін қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Суицид оқиғасы 6 сәуірге қараған түні болды.

Бекееваның айтуынша, бұған дейін ведомствоның жаңа басшысы Қайрат Дәлбеков одан журналистерді алуды ұсынған. Бекеева бас тартқаннан кейін оған қарсы "билік өкілін қорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети