ІІМ тасжолдағы жаңа патруль көліктеріне қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ тасжолдағы жаңа патруль көліктеріне қатысты ақпаратқа пікір білдірді Иллюстрация: elements.envato.com

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов әлеуметтік желіде жүргізушілердің тәртіп бұзушылықтарын тіркейтін арнайы камералары бар жаңа патрульдік көліктер пайда болды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов әлеуметтік желіде жүргізушілердің тәртіп бұзушылықтарын тіркейтін арнайы камералары бар жаңа патрульдік көліктер пайда болды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Ақмола облысындағы тасжолдарда бейнебақылау камералары орнатылған патрульдік көліктер бар деген хабарлама тарады.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сауалына жауап берген Арыстанов мұндай патрульдік көліктер тек Ақмола облысында ғана емес, басқа өңірлерде де бар екенін атап өтті.

"Шынында да, камералары бар және жол қозғалысы ережелерін анықтайтын патрульдік көліктер бар. Мұндай автокөліктер Ақмола облысында ғана емес басқа өңірлерде де бар. Бұдан былай Қарағанды, Көкшетау бағытында жиі пайдаланылатын болады", - деді ІІМ комитетінің басшысы ОКҚ онлайн-брифингінде.

Арыстанов кейде қазақстандық жүргізушілер патрульдік көлікті көргенде жылдамдықты бәсеңдетіп, бірақ өтіп бара жатқанда жылдамдықты асырып, газға қысым жасайтынын айтты.

"Жүргізушілердің назарын аударғым келеді - бұл сіздің өміріңіз. Бұл полицияға емес, сізге қажет. Сіз өзіңіз үшін ғана емес, жолда келе жатқан басқа жүргізушілер үшін де жауаптысыз", - деп қосты Атығай Арыстанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети