ІІМ баспана иелеріне нақтылы мекен-жай бойынша қанша адамның тіркелгені туралы мәлімет беруге мүмкіндігі болатын сервис жасап жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады.
ІІМ баспана иелеріне нақтылы мекен-жай бойынша қанша адамның тіркелгені туралы мәлімет беруге мүмкіндігі болатын сервис жасап жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады.
"Қазіргі уақытта мекен-жайдың тіркеу коды бар мәліметтер базасының интеграциясы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Анықтама кодтары мен тұрғын үй иелері бойынша мекен-жай мәліметтерін өзектілендіру бойынша жұмыс аяқталған соң тұрғын үй иелеріне нақтылы мекен-жай бойынша тіркелгендердің санын білуге мүмкіндік беретін сервис жасалады", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.
Көптеген пәтер иелері өз пәтерлерінде ондаға бейтаныс адамның тіркелген болуы мүмкін екендігін айтып, қауіптінген еді. "Мәслелен, айталық, менің пәтерімде 10 адам тіркелген (оларды мен мүлдем танымаймын) және коммуналдық қызметтерді олардың орнына мен төлеуім керек бола ма? Құдай басқа салмасын, бірақ менің пәтерімде бір қылмыскер тіркелген болып шықса ше? Әлде лаңкес? Бір күні маған орган қызметкерлері келіп, сіздің үйіңізде қаскөй тіркеліпті десе, мен не деуім кепрек?! Кешіріңіз, менің бұдан мәліметім жоқ. Осындай шырғалаңдардан мен өз пәтерімде өзім де тіркеле алмауым мүмкін ғой", - деп уайымын жеткізді әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.
Өз кезегінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ өкілдері eGov порталында мұндай қызметтің түрі жоқ екенін түсіндірді. "Бастапқыда пәтерде тіркелген адамдар жайлы мәліметті сақтау функциясын үй кітапшасы атқарды, ал оның күші жойылғаннан кейін, біздің білуімізге ІІМ-нен мұндай құжаттың баламасы болған жоқ. Өз тарапымыздан осы мәселені көтеріп, анықталып жатқан жағдайда мәліметті бөлісеміз", - деп пікір білдірді ведомстводағылар.
Заңгер Александр Каплан біреу-міреудің пәтерінде тіркелген адамдарды шығару үшін, сол пәтерде нақты кімдердің тіркелгенін анықтау керек. "Бұл ІІМ-нің мемлекеттік сәйкес қызметті дайындамау бөлігінде, базаның функционалын жетілдірмеген ХҚКО-ларға жауап беретін министрліктің шалалығы", - деді ол.
Осыдан кейін Tengrinews.kz тілшісі пәтер иесі өз баспанасында тіркелген адамдар жайлы мәлімет алу мүмкіндігі бар-жоғын анықтау мақсатында халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне барды. Орталық қызметкерлері пәтерде тіркелген адамдар жайлы мәліметті тек ауызға беруге келісім берді. Тіркелгендерді анықтау үшін оларға пәтер иесінің жеке куәлігі мен нақты мекен-жай қажет болды. Алайда ресми анықтама берілмеді. "Сіздің үйіңізде тіркелгендер жайлы анықтама берілмейді. Өтініш жазу арқылы оларды шығара аласыз", - деп түсіндірді "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ өкілдері. Сондай-ақ, олар адам жаңа пәтерге тіркелсе, ескі тіркеуі автоматты түрде жойылатынын атап өтті.