06 тамыз 2019 | 14:11

ІІМ Виктория Берікқожаеваның ісін бақылауға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі трансгендер Виктория Берікқожаеваның ісін бақылауға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібековке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі трансгендер Виктория Берікқожаеваның ісін бақылауға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібековке сілтеме жасап.

Жәнібековтің айтуынша, сотталған трансгендер шілде айының соңында call-орталық арқылы құқық қорғау органдарының өкілдерімен байланысқа шыққан.

"Ол хабарласты. Сексуал зорлық көрсету деректері анықталды. Қазіргі уақытта тергеу мүддесіне сәйкес істің мән-жайын айта алмаймыз. Себебі біз жазаны өтейтін органның өкіліміз, ал тергеу органы - Алматы облысы Іле аудандық полиция бөлімшесі. Бұл іс бақылауға алынды. Осы іс бойынша кімнің күдікті екенін немесе кімнен жауап алынып жатқанын қазір айта алмаймын", - деді Жәнібеков.

Түрмеде зорланған трансгендер. Бұрынғы Кәрімжан, қазіргі Викторияның оқиғасы

Еске салайық, мұның алдында түрмеде зорланған трансгендер Алматы абақтысында көрген сұмдығын айтып берген болатын. Виктория Берікқожаева (бұрынғы есімі Кәрімжан Берікқожаев - авт.) аса ірі көлемде бопсалау ісі үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оның үстінен трансгендер құрбысы арыз жазған. Ол 2016 жылы тамызда ұсталған еді. Ал 2017 жылы наурызда Виктория Берікқожаеваға үкім шыққан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети