Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды © primeminister.kz

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ернат Мұхамадиев 1988 жылы Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Оксфорд университетін бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы "Назарбаев орталығы" мемлекеттік мекемесінің халықаралық ақпараттар бөлімінің аға сарапшысы қызметінен бастады.

2014-2016 жылдары ҚР БҒМ Жастар ісі департаментінде басшылық қызметтер атқарды.

2016-2017 жылдары Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры.

2017-2019 жылдары жекеменшік ұйымдарда еңбек етті.

2019 ж. мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің басшысы хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети