Қуат Борашев ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.
Қуат Борашев ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен Қуат Қахарманұлы Борашев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Қуат Борашев 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. 1994-2005 жылдары түрлі медиа саласындағы ұйымдарда жұмыс істеген: "Қазақстан" мемлекеттік телерадио хабар тарату компаниясы, "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы, "Райхан–ТВ" телекомпаниясы, "ТаразТВ" телеарнасы, "Жамбыл облыстық телерадио компаниясы" ЖАҚ, "Егемен Қазақстан" республикалық газеті.
2005-2006 жылдары "ҚР Президенті ТРК" КЕАҚ бөлім меңгерушісі болған, ҚР Президентінің баспасөз қызметінде еңбек еткен.
2007-2012 жылдары ҚР Президент әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімшесінің бас сарапшысы; ҚР Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.
2012 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалған. 2013-2017 жылдары ҚР Мемлекеттік Хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған.
2017 жылдың маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің бас редакторы қызметін атқарған.