31 қазан 2019 | 09:11

Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары не үшін сотталды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сот Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық № 2 соты Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев пен министрліктің әкімшілік департаментінің экс-директоры Еренай Дәржібаевты пара алу бойынша айыпты деп таныған болатын.

"ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы, Министрліктің Әкімшілік департаментінің директоры және "ҚазАқпарат" баспа корпорациясы" ЖШС президенті пара бергені және алғаны үшін сотталды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уалиевке, Министрліктің Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевқа, "ҚазАқпарат" баспа корпорациясы" ЖШС президенті Қонысбек Ботбайға қатысты ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Қуатжан Уәлиев және Еренай Дәржібаев екеуі Қонысбек Ботбайдан діни тақырыпқа әдебиет басып шығару бойынша мемлекеттік тапсырыс шартын жасау арқылы көрсеткен жалпы көмегі үшін 37 мың доллар мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінген болатын", - дейді соттағылар.

Осылайша, сот үкімімен биыл 30 қазанында Қуатжан Уәлиев пен Еренай Дәржібаевқа 8 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ осы үкіммен Қонысбек Ботбай 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, былтыр қазанда осы министрліктің лауазымды тұлғалары ұсталғаны хабарланған болатын. Бұл мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанадағы брифинг барысында растаған еді. Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев үй қамауына алынғаны туралы белгілі болған еді.

Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларының ұсталған видеосы жарияланды

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети