26 қазан 2018 21:46

Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері Еренай Дәржібаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еренай Дәржібаев. © facebook.com Еренай Дәржібаев. © facebook.com

Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері Еренай Дәржібаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері Еренай Дәржібаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шараларының мәліметтері жарияланбайды. Тергеу шаралары әлі аяқталмауына байланысты, яғни қажетті шешім шығарылмағандықтан, қызметкерді кінәлі деп айтуға негіз жоқ. Министрліктің басқа да қызметкерлері өз жұмыстарында", - деді ведомстово өкілдері. 

Мұның алдында осы министрліктің лауазымды тұлғалары ұсталғаны хабарланған болатын. Бұл мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанадағы брифинг барысында растаған еді.

Еске салайық, Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев үй қамауына алынғаны туралы белгілі болды. 

"Тергеу соты сотқа дейінгі тергеу органдағылардың күдікті Дәржібаевқа қатысты бұлтарпау шарасы ретінде 2 айға - 2018 жылдың 24 желтоқсанына дейін үй қамауына алу туралы өтінішін қанағаттандырды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Дәржібаев бұл қызметінен басқа Мәдениет және спорт министрлігінің Этика жөніндегі уәкілетті өкілі қызметін атқарады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети