Мәдениет министрі әкімдерді әртістерге баспана беруге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет министрі әкімдерді әртістерге баспана беруге шақырды Мәдениет министрі әкімдерді әртістерге баспана беруге шақырды

ҚР Мәдениет министрі әкімдірді әртістерге баспана беруге шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Алматы қаласында 20-дан астам шығармашылық бірлестіктер бар. Құрметті, Ахметжан Смағұлұлы (Алматы қаласының әкімі) осыдан бірнеше жыл бұрын сіз жыл сайын шығармашылық саладағы жұмысшыларға пәтер беріп тұрушы едіңіз, қазіргі кезде осы үрдіс сиреген сияқты. Еліміздегі министрлікке қарайтын республикалық 9 театр негізінен Алматы қаласының мәдениеті үшін қызмет етеді. Сондықтан болашақта Сіз театр қызметкерлерін назарға аларсыз деп үміттенемін", – деді министр Үкімет отырысында. Өз кезегінде Алматы әкімі Ахметжан Есімов, егер заңдық негіздер болса, баспана бөлінетінін жеткізді. "Өзіңізге белгілі, бұл мәселе екі-үш жыл бұрын талқыланған болатын. Әрине, біз сіздің бұл ұсынысыңызды қолдаймыз және қолымыздан келгенше іске асыруға тырысамыз. Бұған біздің мүмкіндігіміз бар", – деді әкім. Қазақстан аймақтарында өнер адамдарын баспанамен қамтамасыз ету басты мәселеге айналып отыр деді М.Құл-Мұхаммед. "Елбасының мәдениет саласындағы жұмысшыларға қолдау көрсетуі бізге үлгі болуы тиіс. Өткен жылы ғана Нұрсұлтан Әбішұлы "Астана-Опера" театрының қызметкерлеріне 100 пәтер бөлді. Өкінішке қарай, облыстардағы театрлардың жағдайы мәз емес", – деді министр. Министрдің айтуынша, соңғы екі жылда Атырау, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Палодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында өнер адамдарына бірде-бір пәтер бөлінбеген. Тек Астана, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жылына әртістерге 2-3 пәтерден бөлінген. "Осы Үкімет отырысынан кейін облыс әкімдері театр қызметкерлеріне пәтер бөлу мәселесін қарастырады деп үміттенемін", деп сөзін қорытты министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети