Мәдениет және спорт министрі Головкинді жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрі Головкинді жеңісімен құттықтады Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. © Тұрар Қазанғапов

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы біріншілердің қатарында болып Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы біріншілердің қатарында болып Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еске салайық, Головкин IBF белбеуіне міндетті үміткер Доминик Уэйдті бүгін таңда екінші раундта нокаутқа түсіріп, 35-ші жеңісіне қол жеткізген еді. Жекпе-жек Лос-Анджелестегі "Форум" аренасында өтті.

"35-ші тамаша жеңісіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз! Сіз еліміздің мақтанышысыз. Сіздің "GGG" есіміңіз Қазақстанның ұлттық брендіне айналды және жоғары патриотизмнің, Отанға деген адалдық пен махаббаттың үлгісіне айналды. Қазақстанда сіздің үлгіңізде боксшылардың жаңа ұрпағы тәрбиеленіп жатыр. Сіздің жеңістеріңізге біздің елде ғана емес, шетелде де қуанады. Бокссүйер жүздеген миллион адам сіздің тартысты жекпе-жектеріңізді тағатсыздана күтеді", - делінген құттықтауда. 

"Қазақстандық барлық спортшының және өз атымнан жеңісіңізбен құттықтаймын және зор денсаулық, сәттіліктер мен жаңа жеңістер тілеймін!", - деді министр.

Ал Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Головкинді ұлы боксшы деп атады. "Геннадий Головкиннің кәсіпқой рингтегі 35-ші керемет жеңісі! Екінші раундта нокаут! Ұлы боксшыны шын жүректен құттықтаймын!", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.

Бұл әлеуметтік желіде ауыратлет Илья Ильин де өз құттықтауын жазды. "Геннадий - ринг жұлдызы!! Осы күні шын жүректен құттықтаймын! Жеңіс көп болсын!", - деді спортшы.

Айта кетейік, Геннадий Головкин осылайша WBA титулын осымен 16-шы рет, IBO титулын 13-ші рет, WBC (Interim) титулын төртінші рет және IBF титулын бірінші рет қорғап қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети