Мәдениет және спорт министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрінің жаңа орынбасары тағайындалды Сәкен Мұсайбеков. ©confederation.kz

Қазақстанның мәдениет және спорт ведомствосына жаңа вице-министр тағайындалды. Министрдің жаңа орынбасары - Сәкен Мұсайбеков, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа вице-министрдің міндетіне Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт бойынша мәселелері кіреді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның мәдениет және спорт ведомствосына жаңа вице-министр тағайындалды. Министрдің жаңа орынбасары - Сәкен Мұсайбеков, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа вице-министрдің міндетіне Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт бойынша мәселелері кіреді.

Сәкен Мұсайбеков 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туылған. Қазақ политехникалық институтының технология және пайдалы кен орнының жерасты зерттемесінің кешенді механизациясы факультетін 1991 жылы бітірген. Одан кейін Қазақ мемлекеттік басқару академиясының халықаралық экономикалық қатынастар факультетін тәмамдаған. 

Еңбек қызметін 1990 жылы бастаған. 1996 жылы Қазақстан Парламенті Мәжілісі төрағасының көмекшісі, одан кейін мемлекеттік кіріс министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бір кездері Қаржы министрлігінің әкімшілік департаментінің директоры, "Қазақавтожол" кәсіпорны бас директорының орынбасары, Oil group NC ЖШС басшысының кеңесшісі, Қаржы министрлігі аппаратының басшысы, Көлік және коммуникация вице-министрі, Қазақстан Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарды.

2008 жылы наурызда “Қазына” Қазақстанның тұрақты даму қоры" акционерлік қоғамына басқарушы директор болып, одан кейін "Самұрық - Қазынаға" басқарушы директор болып тағайыналды. Соңғы жылдары спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директорының қызметін атқарды. Мәдениет және спорт жаңа вице-министрі - "Құрмет" орденінің иегері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети