12 наурыз 2019 | 18:17

Мәди Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Мәди Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мәди Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Мәди Тәкиев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Д. Қонаев атындағы университетті, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Салық департаментінде жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің басқарма басшысы. 2013-2014 жылдары - Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды. 2014 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2017 жыл аралығында Атырау облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети