Маған "шенеунік" деген сөз ұнамайды - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маған "шенеунік" деген сөз ұнамайды - Назарбаев © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі мемлекеттік қызмет туралы тағы да пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі мемлекеттік қызмет туралы тағы да пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы "Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт" атты күн тәртібімен өтіп жатыр. 

Мемлекет басшысы реформалар жайлы айта келе, мемлекеттік қызметкерлердің корпусында Қазақстанның 45 этносының ұсынылғанын айтты. 

"Шынымды айтайын, маған "шенеунік" деген сөз ұнамайды. Шенеунік - хандық сөз, шендерден шыққан. Бізде мемлекеттік қызметкер бар. Олар жайлы қалай айтылып жатса да, олар халықты барлығымен қамтамасыз етіп жатыр. Полицейлерге де, мемлекеттік қызметкерлерге де халық жүгінеді. Сондықтан мемқызметті біз құрметті, адал етуіміз керек, ол жаққа барлығы барғысы келетіндей етуіміз керек", - деді Президент.

Ол ел басшылығының мемлекеттік аппаратта этникалық түрлілікті болдыруға тырысатынын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети