27 мамыр 2017 13:43

Маған университетте Президент болуға үйреткен жоқ - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Назарбаев университетінде Мемлекет басшысының қатысумен бітірушілермен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Назарбаев университетінде Мемлекет басшысының қатысумен бітірушілермен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев бітірушілерді құттықтай отырып, қазіргі заманда білімі бар адамдардың емес, өмір бойы білім ала алатын адамдардың жеңістерге жетіп жататынын айтып өтті.

"Маған университетте Президент болуға үйреткен жоқ. Президент болу үшін және уақыт талабына шыдай алу үшін күні-түні және үнемі білім алу керек. Осыны есте сақтаңыздар. Кім өзгерістерге әрқашан дайын болады сол жеңеді. Зерттеушілермен, инвесторлармен тіл табыса алған адамдар жеңеді. Мен бұл туралы жақында мақаламда жазған болатынмын", - деді Мемлекет басшысы.

"Менің өмірлік тәжірибем заманауи қазақстандықта дәл қазіргі заманда белгілі бір қасиеттері болу керектігін көрсетеді. Барлығынан бұрын бәсекеге қабілетті болу керек", - деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, бүгін Астанада Назарбаев университеті студенттерінің салтанатты шарасы өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар маңызды шараны ашық аспанның астында өткізуді шешкен, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты іс-шара бұл жолы ерекшеленді. Түлектерді салтанатты түрде құттықтау рәсімінде барлығы жаңбырдың астында қалып қойды.

Салтанатты іс-шараға студенттер мен олардың ата-аналары, профессорлар мен оқытушылар және ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети