Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды depositphotos.com

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Грант иегерлерінің тізімін мына жақтан көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети