ҚР Парламенті Мәжілісі пленарлық отырыс барысында "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңының жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентәнәі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келісімге сәйкес, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Қазақстан Республикасында АЭХА-ға тиесілі Төмен байытылған уран банкін (ТБУ банкі) құрады.

"Байытылған уран халықаралық банкі АЭХА-ға мүше мемлекеттердің атом станцияларына ядролық отынның кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ету үшін құрылады және мүше мемлекеттердің бірінде орналасқан, атом электр станциялары үшін отын дайындауға арналған бастапқы материал болып табылатын уран сақтау қоймасы болып табылады. АЭХА ТБУ банкін құру туралы шешімді 2006 жылы қабылдаған болатын. АЭХА осындай банк құру туралы бастама жасай отырып, оператор елге қойылатын талаптарды тұжырымдады", - деп хабарлады ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Ведомство басшысы атап өткендей, төмен байытылған уран еуропалық стандарттағы цилиндрлерде, контейнерлерде гексофторит түрінде сақталады. Оның айтуы бойынша, уран қоры әлемдік уран нарығында дағдарыс жағдайы туындаған жағдайда ғана талап етілетін жұмсалмайтын қор болып табылады. Іс жүзінде, қалыпты оқиғалар барысында бұл қор ешқашан қажет болмайды.
Келісімге сәйкес, АЭХА төмен байытылған уранды алумен, жеткізумен және күтіп-ұстаумен байланысты шығыстарды; төмен байытылған уранның экспортымен және импортымен байланысты шығыстарды; салықтар, алымдар мен баж төлеу бойынша шығыстарды өзі өтейтінін қоса кетейік.
"Қазақстан Республикасы үшін агенттіктің ТБУ банкін орналастыру жобасын іске асыру ядролық қаруды таратпау режимін нығайтудағы маңызды үлес болып табылады", - деп түйіндеді министр.