25 маусым 2020 18:09

Мәжіліс Алексей Цойды денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындауды мақұлдады

Фото: primeminister.kz

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Алексей Цойдың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәжілістің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралған.

Реклама
Реклама

"Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті ҚР денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Алексей Владимирович Цойдың кандидатурасын ұсынылуы мүмкін екендігі туралы қорытынды қабылдады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді

Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 19 285-ке жетті. 12 048 науқас дертінен айықты, 136 адам қайтыс болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram