Фото nnm.ru сайтынан алынды
Парламент Мәжілісі депутаттары қазақстандағы алкогольсіз сыра жарнамасына тыйым салғысы келеді. Бұндай түзетуді жұмыс тобындағы депутат Тәңірберген Бердоңғаров енгізді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мен Қазақстан аумағында алкогольсіз сыра жарнамасының мүмкіндігін толықтай жоятын түзету енгіздім. Өйткені бұл алкоголь өнімдерін өндіруші компаниялардың жарнамасы үшін өте ұтымды жол. Нақтысында компаниялар алкогольсіз сыраны шағын партиямен өндіреді, оны құрамында спирті бар сыраның көлемімен мүлде салыстыруға да келмейді. Алкогольсіз сыра тек пиар бренд ретінде қолданылады. Жан-жағымыз толған алкогольден еш айырмасы жоқ, көрінер-көрінбес қана "алькогольді емес" деген жазуы бар сыра бөтелкесінің жарнамасы. Осындай агрессивті жарнаманың арқасында жастардың басым бөлігі сыра ішуді үйрене бастайды" деді мәжілісмен заңға енгізілуі мүмкін түзету турасында. Бердоңғаровтың айтуынша, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстан Орталық Азиядағы ең ішкіш мемлекетке айналған. Алдында Мәдениет және ақпарат министрлігі жаңа заң жобасы алкогольсіз сыра жарнамасын қамтиды деп мәлімдеген болатын. Бүгін "Алкоголь өнімдері және этиль спирті өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгеріс пен түзету енгізу туралы" заң жобасы Парламентке келіп түсіп, жұмыс тобында талқыға салынды.
Парламент Мәжілісі депутаттары қазақстандағы алкогольсіз сыра жарнамасына тыйым салғысы келеді. Бұндай түзетуді жұмыс тобындағы депутат Тәңірберген Бердоңғаров енгізді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен Қазақстан аумағында алкогольсіз сыра жарнамасының мүмкіндігін толықтай жоятын түзету енгіздім. Өйткені бұл алкоголь өнімдерін өндіруші компаниялардың жарнамасы үшін өте ұтымды жол. Нақтысында компаниялар алкогольсіз сыраны шағын партиямен өндіреді, оны құрамында спирті бар сыраның көлемімен мүлде салыстыруға да келмейді. Алкогольсіз сыра тек пиар бренд ретінде қолданылады. Жан-жағымыз толған алкогольден еш айырмасы жоқ, көрінер-көрінбес қана "алькогольді емес" деген жазуы бар сыра бөтелкесінің жарнамасы. Осындай агрессивті жарнаманың арқасында жастардың басым бөлігі сыра ішуді үйрене бастайды" деді мәжілісмен заңға енгізілуі мүмкін түзету турасында.
Бердоңғаровтың айтуынша, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстан Орталық Азиядағы ең ішкіш мемлекетке айналған. Алдында Мәдениет және ақпарат министрлігі жаңа заң жобасы алкогольсіз сыра жарнамасын қамтиды деп мәлімдеген болатын.
Бүгін "Алкоголь өнімдері және этиль спирті өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгеріс пен түзету енгізу туралы" заң жобасы Парламентке келіп түсіп, жұмыс тобында талқыға салынды.