ҚР Парламентінің Мәжілісі Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы туралы шартты ратификациялауды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Парламентінің Мәжілісі Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы туралы шартты ратификациялауды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың мәлімдеуінше, Арменияның ЕАЭО-ға қосылуы әлемдік қоғамдастықта Еуразиялық экономикалық одақтың беделін сөзсіз арттырады.
Ол Арменияның ЕАЭО-ға мүше болуына байланысты Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшелерімен арада Арменияның тарифтік міндеттемелерін ДСҰ талаптарына сай өзгерту жөнінде келіссөздер жүргізілетін болады.
Айта кетейік, кеше, 17 желтоқсан күні Арменияның ЕАЭО-ға қосылуы туралы шартты Ресейдің Федерация Кеңесі ратификациялаған болатын.
Еске сала кетейік, ЕАЭО туралы шартқа Ресей, Беларусь пен Қазақстан осы жылдың 29 мамырында Астанада қол қойды. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.