06 маусым 2016 | 14:48

Мәжіліс депутаттары Ақтөбедегі оқиғаға байланысты пікір білдіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Видеодан кадр © Видеодан кадр

ҚР Мәжіліс депутаттары Ақтөбедегі оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Мәжіліс депутаттары Ақтөбедегі оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бұл жағдайды салафиттер мен уаһһабшылардың ісі екенін түсінуіміз керек. Жақында ғана Сенат депутаттары ұзын сақал мен қысқа шалбардағы адамдардың лаңкестік әрекеттерді бастайтынын айтқан еді. Бүгінгі жағдай соның дәлелі болып отыр. Біреулерге біздің тұрақтылықта және бейбіт өмір сүріп жатқанымыз немесе демократиялық өміріміздің ұнамайтыныны көрініп тұр. Біз мұны бүкіл әлемге дәлелдеудің қажеті жоқ. Біз үшін ең басты нәрсе - еліміздің тұрақтылығы мен тәуелсіздігін сақтап қалу. Біз ағартушылық қызметпен айналысуымыз керек. Бүгінде еліміздің талай азаматы бөтен елде соғысып жүр. Неге олар бөтен елде жүр? Себебі, лаңкестік әрекеттер белең алып кетті. Еліміз тыныш өмір сүруі үшін оларды түбімен жою керек. Біз осындай қатігез мақсат қоюымыз қажет. Адамның өмірі мен конституциялық құқықтарды қорғау - мемлекеттің міндеті. Адамдардың барлығын қырып-жойғаннан кейін әрекет ету кеш болады. Мұндай жағдайлармен күреспей, керісінше олардың алдын алу керек", - деді депутат Бақытбек Смағұл журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

"Біз дәстүрлі емес діни ағымдарға шыдамдылықпен қарап келдік, енді соның жемісін көріп отырмыз. Адамдардың өміріне қауіп төндіруге болмайды. Алдын ала бірнеше рет ескерту жасағанмен, оның алдын ала алмадық. (...) Құқық қорғау органдары лаңкестердің қай жақтан келіп жатқанын анықтап, талдау жасауы қажет. Мешіттерде видеобақылау камералары орнатылып, оларды қадағалау керек. Көп мешітте дәстүрлі емес діни ағымдағы адамдарды көреміз. Қоғамды лаңкестік әрекеттерден тек қатаң жаза құтқара алады", - деді Смағұл.
Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бақытжан Ертаевтың айтуынша, Ақтөбеде болған жағдай тек сол өңірге емес, елімізге де қатысты проблема.

"Біріншіден, бұл тек Ақтөбеге қатысты жағдай емес. Бұл ортақ проблема, Біз барлығымыз осыған жауап беруіміз керек. Сондықтан біз қатаң жаза қолдануымыз қажет. (...) ІІМ өз жұмысын істеп жатыр. Олар алдарына қойылған тапсырмаларды орындап отыр. (...) Ең өкініштісі, жазықсыз адамдар қаза тауып жатыр. Мұндай жағдайды болдырмас үшін бәріміз бірге экстремизм мен лаңкестік әрекеттермен күресуіміз керек", - деді Ертаев.

"Біз басқалардың жіберген қателіктерінен сабақ алу керекпіз. Бұрыннан-ақ лаңкестік әрекеттердің болып жатқанын білеміз. Сондықтан ішкі қауіпсіздікті сақтау үшін Ұлттық гвардия құрылған болатын", - деді депутат.
Сонымен қатар, Ақтөбедегі жағдай туралы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев те өз пікірін айтты. "Әрине, бұл оқиға туралы қандай да бір қорытынды жасау әлі ерте. Бірақ шетел сарапшыларының айтуынша, ДАИШ тобы таяу Шығыс аумағына еніп, Сириядан Иракка келіп жатыр. Сондықтан қазір бұлтартпау шаралын қолдану қажет. Әрине, мұнда да проблемалар бар. Меніңше, бұл мәселемен құқық қорғау органдары мен басқа да құрылымдар айналысу керек. Соынмен қатар, тағы бір айтарым, заңды күшейту қажет. Бұл тақырыпты біз әлі талқылап, қарастырамыз", - деді Әшімбаев.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Осыдан кейін қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызыл деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террорлық шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети