10 наурыз 2017 | 17:13

Мәжіліс депутаттары министрлерді тағайындау мүмкіндігіне ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Президент қол қойған заң Мәжіліс депутаттарына министрлерді тағайындау мүмкіндігін берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президент қол қойған заң Мәжіліс депутаттарына министрлерді тағайындау мүмкіндігін берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға түзетулер енгізу туралы заңға қол қойған болатын. Бұл заң Мәжіліс депуттарына министрлерді тағайындауға және олардың отставкаға кетуін талап етуге мүмкіндік береді. Енді министрлер кабинеті өздерінің өкілеттіктерін депутаттарға тапсырады.

Осылайша, Конституцияның 44-бабының 3-бөлігіне өзгертулер енгізілді. Бұл бап бойынша осыған дейін еліміздің үкімет мүшелерін, сондай-ақ, сыртқы істер министрлерін, қорғаныс министрлерін, ішкі істер және әділет министрлігін Президент тағайындайтын болған еді.

"Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялардың фракцияларымен кеңескеннен кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына премьер-министрдің кандидатурасын енгізеді. Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың премьер-министрін қызметке тағайындайды немесе оны қызметтен босатады. Премьер-министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымы айқындалады", - делінген Қазақстан Конституциясының жаңа редакциясында. 

Конституцияның 57-бабының 6-бөлігі былай өзгертілді: "Парламенттің әрбір палатасының (жалпы санының кемінде үштен бірі) Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға құқығы бар. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға құқығы бар. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады".

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті ұсынған заң жобасында Конституцияның 19 бабына 26 түзету қарастырылған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети