25 ақпан 2015 16:13

Мәжіліс депутаттары өз жалақыларын қысқартқысы келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ресейдегі әріптестерінің жалақы мөлшерін азайту туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары ел бюджеті үшін өз жалақыларын азайтуға дайын екенін мәлімдеген болатын.


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ресейдегі әріптестерінің жалақы мөлшерін азайту туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары ел бюджеті үшін өз жалақыларын азайтуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, бұл бастама Дума Кеңесінің отырысы кезінде 2015 жылға арналған федералдық бюджетке енгізілген түзетулерге байланысты көтерілген еді. Ресей депутаттарының мұндай шешім жасауға бел бууының тағы бір себебі бюджеттің жаппай қысқаруы болып отыр. 

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс депутаттары 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетке енгізілген түзетулерді талқылады. Олар тиісті құжатты қабылдап, Сенаттың талқылауына жіберді. Палата отырысынан кейін қазақстандық бірқатар депутат Ресейдегі әріптестерінің жалақыны қысқарту туралы ұсынысы жайында пікір білдірді.

"Біріншіден, депутаттың халық алдындағы адам екенін айтқым келеді. бізде іссапарлар бар, депутаттарда да өзгелер сияқты отбасы бар. Бүгінде біз де сол коммуналдық төлемдерді төлеп жүрміз. Егер өзіме келетін болсам, егер менің жалақымды азайтса, меніңше, қиын болады. Ешқандай кәсібім жоқ, жұбайым жұмыс істемейді, немерелерім бар. Өте қиын болады", - деді депутат Егор Каппель. Ол өзінің айлығы 400 мың теңге екенін жеткізді. 

"Үнемдеу мәселесіне келсек, бұл - ештеңе емес. Бұл - теңізге құйылған тамшы. Бұл - популистік пиар қадам. Біреу жарнамаланғысы келді. Біз мұнда бюджетті талқылап жатырмыз, ал бізде миллиардтаға сома мақсатсыз жұмсалып жатыр, тиімсіз. Жарайды, депутаттардың айлығын қысқартамыз: "Ақ жол" партиясы үшін бұл проблема емес, себебі біздегі барлық депутаттар - кәсіпкерлікпен айналысатындар. Бірақ экономика үшін, иә, бұл арқылы бюджет 1-2 миллиард теңге ұтады. Ол қайда жұмсалады? Ол экономикалық жағдайға әсер етпейді", - деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

"Жалпы Ресейдегі жалақы Қазақстандағы Парламент Мәжілісінің депутаттары алатын сомадан әлдеқайда жоғары болған. Бірақ бүгінде мәселе Ресейдегі жағдайдың қалайша өрбіп жатқанында. Бүгінде өз шешімін күтіп тұрған мәселелерді бұл қаншалықты шеше алады. Егер мұндай ситуация бізде болса, біздің депутаттар шешім шығарады деп ойлаймын. Біз тірі адамдармыз, бүгінде әлемде, экономика болып жатқан жағдайды түсінеміз, олар біржақты емес және оның шешімдері де біржақты болмауы мүмкін", - деді депутат Ирина Аронова.

"Олар неге сұрақты бұлай қойып отыр? Олар біздің депутаттарға қарағанда 2,5 есе көп алады, осы себепті олар қысқартып жатыр. Біліп қойыңыздар, ТМД елдерінде ең төменгі жалақы Өзбекстан мен Тәжікстанды есептемегенде, Қазақстан Парламентінде. Ресей парламентінің ұсынысы қазақстандық парламентке арналмаған. Өздері қысқарта берсін, өздері жұмыс істесін", - деді депутат Розақұл Халмұрадов. 

Депутат өзінің айлығы қанша екенін жария еткісі келмеді, бірақ өзіне жететінін айтты. Мәжіліс депутаты қажет болған жағдайда азаматтық көзқарасын көрсетіп, жалақысын азайтуға келісім беретінін айтты. "Өз басым қарсы емеспін. Бұл көмектеспейді. содан кейін бұл жарнама үшін, популистік мақсатта айтылуы да мүмкін", - деді Халмұрадов.

"Бірақ онда бәріміз ұран тастайық және қазақстандық депутаттар тіпті жалақысыз қалсын?", - деп қайыра сұрақ қойды журналистерге депутат Нұрлан Әбдіров, - Біріншіден, бізде де жанұя бар, біздің де белгілі бір міндеттемелеріміз бар. Біз белгілі бір деңгейде қайырымдылықпен айналысамыз. Ескертіп айтамын, соңғы жылдардың ішінде мемлекеттік қызметкерлердің айлығы өсіп жатқан тұста депутаттардың жалақысы өспеді. Инфляциялық процестер бізге де дәл солай әсер етті. Мен Ресейдегі әріптестерімнің атынан сөйлей алмаймын, Ресей үшін тіпті, бірақ айтқым келетіні, бізде біреуге айлық қысқартуға еш негіз жоқ. Бізде осылай мәселе көтеретіндей жағдай болып жатқан жоқ", - деді Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров.

Айта кетейік, бүгін Парламенттің төменгі палатасы жалпы отырыс барысында "Қазақстан Республикасының "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Заң жобасы арқылы 2015 жылдың республикалық бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар Қазақстанның 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық болжамының түзетілуіне байланысты енгізілді. Айта кетейік, болжамға енгізілген түзетулер 2014 жыл бойындағы экономика салаларының дамуының алдын-ала мәліметі мен экспорттағы негізгі тауар құны бойынша әлемдік тауар нарығындағы бүгінгі жағдайға негіз болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети