08 сәуір 2022 | 20:10

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетіп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің бірқатар өңірлерін су басу қаупі әлі де сейілмей тұр. Осыған орай Мәжіліс депутаттары аймақтарға іссапарға шығып, су апатынан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп жатыр. Депутаттар мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін айтып, мәселелерді өздерінің жіті бақылауында ұстайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің бірқатар өңірлерін су басу қаупі әлі де сейілмей тұр. Осыған орай Мәжіліс депутаттары аймақтарға іссапарға шығып, су апатынан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп жатыр. Депутаттар мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін айтып, мәселелерді өздерінің жіті бақылауында ұстайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаттары Құлшар Мәлік пен Снежанна Имашева Батыс Қазақстан облысына барып, су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарымен кездесті. 

Мәлік Құлшар Қаратөбе ауданындағы Шалғын ауылында балалардың оқуы ұйымдастырылған ауылдық клубта мұғалімдермен тілдесіп, мән-жайды талқылады. 

"Негізгі мектептің ғимаратына су кіріп, бөлмелердің ортасы құлаған. Қазір оқушылар уақытша ауылдық клубта білім алып жатыр. Ауылдағы 45 үйдің 29-на су кірген, 23-і тұруға келмейді. Ауыл тұрғындары су кірмеген үйлерге 3-4 жанұядан бөлініп орналасқан. Құлағалы тұрған үйлерді сараптау жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр. Ауыл халқы ешқайда көшпей, жаңа мектеп те, үйлер де осы ауылға салынса деген өтініштерін жеткізді", - деді депутат.

Сондай-ақ, ауданда төтенше жағдай жарияланғандықтан, ешқандай конкурссыз қаржы қарастыру мүмкіндігі бар екенін айтып, құрылған комиссияның шешімімен апат жағдайындағы мектеп орнына 60 орындық білім ордасының құрылысы басталатынын жеткізді.

Сапар барысында депутаттар жергілікті билік өкілдерімен бірге облыстағы Бөрлі ауданы Қызылтал ауылындағы су тасқынынан зардап шеккен үйлерді аралады. Алдағы уақытта су тасқынынан қорғану үшін арнайы нысан салу жоспарланып отыр.

Ал Павлодар облысында Мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина мен Вера Ким Рождественко ауылында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларымен кездесіп, оларға AMANAT партиясының атынан тұрмыстық техника, азық-түлік, басқа да керек-жарақтармен көмектесті.

"Біз әрдайым мониторинг жасап отырмыз. Бүгін өз көзімізбен көруге келдік. Байқағанымыздай жағдай тұрақталды. Ендігі басты мәселе - тиісті көмек көрсету. Апат салдарын анықтап, тиісті шараларды қолға алу", - деді Айгүл Нұркина.

Мамандардың айтуынша, су тасқынына арнайы бөгеттердің жоқтығы себеп болып отыр.

Депутаттар су тасқыны мәселесі жіті бақылауда болатынын айтты. Қажет болған жағдайда заңнамаға да өзгеріс енгізілуі мүмкін. 

Жалпы Рождественко ауылында 30-ға жуық үй еріген қар суынан зардап шекті. Осының салдарынан ауданда төтенше жағдай жарияланып, 100-ге тарта тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліді.

Мәжіліс депутаттары Аманғали Бердалин мен Ғалымжан Елеуов Ақтөбе облысы Қобда және Ойыл аудандарындағы су басу қаупі бар елді мекендерді аралап, табиғи апаттың алдын алу шараларымен танысты.

Қобда ауданында су тасқынынан бірнеше әлеуметтік нысан, спорт кешені мен шағын және орта бизнес ғимараттары зардап шеккен. Жарық ауылында суармалы жерлерді су басса, Егіндібұлақ ауылында су тасқынынан кейінгі жол қалпына келтіріліп жатыр. 

Одан әрі депутаттар Ойыл ауданына барды. Мұнда Саралжын ауылдық округінде болып, Орта-Қиыл-Тассай су жүйесін бақылады. Қазіргі таңда округ бойынша 5600 гектар лиманды алқапқа су шығып отыр. Былтырғы жөндеуден өткен су жүйелері қазір тасқын суды ұстауға септігін тигізіп жатыр.

Депутатардың өңірлердегі сапары одан әрі де жалғасады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети