Фото Жанкелді ҚАРЖАН
ҚР Парламенті Мәжілісінің сәрсенбідегі жалпы отырысы төрт сағатқа созылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сәрсенбідегі Мәжілістің отырысы ұзаққа созылды. Бұл жолы Үкімет мүшелерінің көпшілігі қатысқан жиында халық қалаулылары 11 мәселені қараған болатын. Түскі уақыт таяғанымен төраға үзіліс жасауға асыққан жоқ. Спикер Нұрлан Нығматулиннің жұмыс сапарымен жүргеніне байланысты оның орынбасары Сергей Дьяченко отырысқа төрағалық етті. Мәжіліс депутаттары 12:40 минут кезінде үзіліс туралы айтқанымен, С.Дьяченко: "Шамалы шыдайық, содан соң шығамыз", - деп қысқа қайырды. Алайда таңертеңгі 10:00-де басталған жалпы отырыс сағат 13:44 минутта бір-ақ тәмам болды. Бесінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары мұндай ұзақ жиын өткізген емес. Көп жағдайта спикер жиын ұзаққа созылған жағдайда түскі үзіліс жариялап, қалғанын түс ауа қарайтын. Бірақ Сергей Дьяченко олай істеген жоқ. Мәжілістің өткен шақырылымын басқарған марқұм Орал Мұхамеджановтың кезінде кешкі сағат 6-ға дейін созылған отырыстар болған-тын. Ол кезде де Орал Байғонысұлы депутаттарды түскі астан кешіктірмейтін.
ҚР Парламенті Мәжілісінің сәрсенбідегі жалпы отырысы төрт сағатқа созылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сәрсенбідегі Мәжілістің отырысы ұзаққа созылды. Бұл жолы Үкімет мүшелерінің көпшілігі қатысқан жиында халық қалаулылары 11 мәселені қараған болатын. Түскі уақыт таяғанымен төраға үзіліс жасауға асыққан жоқ. Спикер Нұрлан Нығматулиннің жұмыс сапарымен жүргеніне байланысты оның орынбасары Сергей Дьяченко отырысқа төрағалық етті.
Мәжіліс депутаттары 12:40 минут кезінде үзіліс туралы айтқанымен, С.Дьяченко: "Шамалы шыдайық, содан соң шығамыз", - деп қысқа қайырды. Алайда таңертеңгі 10:00-де басталған жалпы отырыс сағат 13:44 минутта бір-ақ тәмам болды.
Бесінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары мұндай ұзақ жиын өткізген емес. Көп жағдайта спикер жиын ұзаққа созылған жағдайда түскі үзіліс жариялап, қалғанын түс ауа қарайтын. Бірақ Сергей Дьяченко олай істеген жоқ.
Мәжілістің өткен шақырылымын басқарған марқұм Орал Мұхамеджановтың кезінде кешкі сағат 6-ға дейін созылған отырыстар болған-тын. Ол кезде де Орал Байғонысұлы депутаттарды түскі астан кешіктірмейтін.