Мәжіліс депутаттығына қанша кандидат ұсынылды?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттығына қанша кандидат ұсынылды?

Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына 609 кандидат ұсынылды, оның 525-і өзін-өзі ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына 609 кандидат ұсынылды, оның 525-і өзін-өзі ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, Мәжіліс 98 депутаттан тұрады, оның 69-ы партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты аумақтық округтерден сайланады.

Сайлауға жеті саяси партия қатысуға рұқсат етілген.

Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну 8 ақпан 18.00-де аяқталған болатын.

ОСК мәліметінше, 7 партиялық тізім Мәжіліс депутаттығына 283 кандидат ұсынылды:
1."Қазақстан халық партиясы" - 52 кандидат;
2."Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы - 54 кандидат;
3."Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 25 кандидат;
4."Amanat" партиясы - 90 кандидат;
5."Respublica" партиясы - 25 кандидат;
6.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 19 кандидат;
7."Байтақ" жасылдар партиясы - 18 кандидат.

Петров бір мандатты округтер бойынша 609 кандидат ұсынылғанын айтты. Оның ішінде 79 кандидат жеті саяси партиядан, бес кандидат төрт қоғамдық бірлестіктен, 525 кандидат өзін-өзі ұсынған кандидаттар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети