Депутат Бақытжан Әбдірайымның өкілеттігі тоқтатылды. Мұндай шешім Парламент палатасының отырысында қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутат Бақытжан Әбдірайымның өкілеттігі тоқтатылды. Мұндай шешім Парламент палатасының отырысында қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Конституциясының 52-бабының 5-бөлігіне, ҚР Конституциялық заңының 24-бабының 3-бөлігіне сәйкес және ҚР Орталық сайлау комиссиясына отставкаға кету туралы өтініштің негізінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлының өкілеттігі тоқтатылды", - деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.
Осылайша, депуттардың дауыс беру қорытындысы бойынша Бақытжан Әбдірайымның өкілеттігі тоқтатылды.
"Еліміздегі ең үлкен саяси күш - ол Елбасымыз басқарып жатқан "Нұр Отан" партиясы және мен сіздермен екі жыл уақыт жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік болды. Болашақта сіздермен әрі қарай да осындай қарым-қатынаста қызмет жасаймыз деп сенемін", - деді Бақытжан Әбдірайым.
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Бақытжан Әбдірайымға жаңа қызметінде жетістіктер тіледі.