07 қыркүйек 2016 | 16:36

Мәжіліс депутаты көлік жүргізгенде темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев қазақстандық жүргізушілерге көлікті жүргізгенде темекі шегуге тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев қазақстандық жүргізушілерге көлікті жүргізгенде темекі шегуге тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте жұмыс тобы "Жол жүру туралы" заңына депутаттық өзгертулер енгізу мәселесін талқылады. Көлік құралдарын басқару кезінде темекі шегуге тыйым салу нормалары ұсынылды. Норма қабылданған жағдайда жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

"Жүргізуші темекіні тұтатқан кезде ол көру деңгейін төмендетеді. Темекі шегу кезінде темекінің шоғы түсіп кетуі мүмкін және темекі шегудің өзі адам миына қатты әсер етеді. Біз көлікті басқару кезінде телефонмен сөйлесуге тыйым салдық, алайда темекі шегу телефонмен сөйлесуден де зиян. (...) Бүгінгі баяндамада үш мыңнан аса адам азамат осы темекінің кесірінен қаза табатынын білдік. Өкінішіке қарай, қандай заңбұзушылықтардан қаза тапқаны жөнінде статистика жоқ. (...) Бұл жерде маңыздысы азаматтардың жағдайы мен олардың қауіпсіздігі. Бұл жолдағы жол-көлік оқиғасына ұшыраудан сақтайды", - деді Өксікбев.

Соған қарамастан, оның әріптесі Мұхтар Тінікеев бұл ұсыныстарға қарсы шықты.

"Менің ойымша, бұл адамның өз еркі - шеге ме, жоқ па. Сондықтан айыппұл мөлшерін көп қылу керек", - деді Тінікеев.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети