Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты мақұлдады

01 Қазан 2014, 11:06
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлдады. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің президенттері 2014 жылдың 29 мамырында Астанада қол қойған болатын, -деп Tengrinews.kz хабарлайды  тілшісі.

Шартқа сәйкес, үш ел Еуразиялық экономикалық одақты құрады. Оның шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысына қатысты бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі. Бұл ретте ЕАЭО - халықаралық құқық субъектілеріне ие, өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізгі мақсаты - мемлекеттер арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту, тараптар халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесіне орай олардың экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдай жасау. Бұдан бөлек, шартта тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, ресурстардың бірыңғай дамуын қалыптастыруға ұмтылу көзделіп, жаһандық экономика жағдайында ұлттық экономикаларды жандандыру, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қарастырылады.

Құжат бойынша ЕАЭО өз қызметінде тараптардың егемендігі мен олардың аумақтың тұтастығы қағидаттарын қоса алғанда халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттарын құрметтеу, мүше елдердің саяси құрылымының ерекшеліктерін құрметтеу, тараптардың өзара тиімді ынтымақтастығын, тең құқылылығын және ұлттық мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ету, нарықтық экономика және адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асыратын болады. ЕАЭО органдары - Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес, Еуразиялық үкіметаралық кеңес, Еуразиялық экономикалық комиссия және ЕАЭО Соты. Осы органдардың қызметін қаржыландыру ЕАЭО бюджеті туралы ережеде айқындалған тәртіппен жүзеге асады.

"Еуразиялық интеграциялық процеске көптеген елдер қызығушылық танытуда. Қазіргі кезде Армения мен Қырғызстан интеграциялық үдеріске бірігудің белсенді фазасында. Үндістан, Вьетнам, Түркия, Египет, Иран секілді елдер еуропалық еркін сауда қауымдастыығна енген мемлекеттер, Исландия, Норвегия, Швейцария Кеден одағы елдерімен еркін сауда аумағын құруға мүдделіліктерін білдірді. Бұл дамып келе жатқан интеграцияның перспективасы мол екенін, экономикалық мүмкіндіктерінің кең екенін білдіреді",- дейді заң жобасы бойынша баяндаған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай