Мәжіліс Назарбаевқа қатысты түзетулерді түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева Қылмыстық кодекстегі ҚР Тұңғыш Президентінің ар-намысы мен қадір-қасиетін жария түрде қорлауға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған баптардың күші жойылуы мүмкін екенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, қазір Мәжілісте Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысы мен қадір-қасиетін көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын бапты жоятын заң жобасы қарастырылып жатыр.

"Иә, мұндай түзетулер бар. Активтерді қайтару туралы заңға ілеспе заң жобасы аясында қылмыстық жауапкершілікті алып тастайтын нормалар бар. Бұл Конституцияға қабылданған түзету аясында. Енді ол жерде Елбасы мен оның өкілеті туралы айтылмайды. Қылмыстық кодексте бұл баптар енді қажет емес. Өйткені "Елбасының мәртебесі туралы" (заң. – еск.) қазір жоқ. Сондықтан қылмыстық жауапкершілік те қажет емес және қолданылмайды. Ол бұған дейін де қолданылмаған", - деді Имашева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети